SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас ассамблеясы аясында Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесіп, Киевтің барлық оккупaцияланған аумақтарын қайтару мүмкіндігі бар екенін айтты.
Трамп кейін өзінің Truth Social желісінде:
«Украина әскери және экономикалық тұрғыда күресуге қауқарлы. Еуроодақтың қолдауымен бүкіл Украина өз бастапқы шекарасына қайта оралады деп ойлаймын», — деп жазды.
Журналистердің сұрағына жауап берген Трамп, егер Ресей ұшақтары НАТО әуе кеңістігіне заңсыз кірсе, оларды атып түсіру қажет екенін мәлімдеді.
«Иә, ату керек», — деді ол.
Сонымен қатар АҚШ-тың мұндай операцияға қатысуы «жағдайға байланысты» болатынын қосты, бірақ «НАТО-ны қолдауға біз берікпіз» деп атап өтті.
Бұл пікірлер Эстония әуе кеңістігіне үш ресейлік МиГ-31 ұшағының заңсыз кіргенінен кейін айтылды. Бұған дейін Польшаға кемінде 19 ресейлік дрон ұшып өткен, ал Копенгаген мен Осло әуежайлары белгісіз ұшқышсыз аппараттар кесірінен уақытша жабылған.
Зеленский Трампқа соңғы аптада украин күштері шамамен 360 км аумақты бақылауына алғанын баяндады. Ол Ресейге қысымды күшейтіп, санкцияларды арттыруға шақырды.
Трамп Ресейге қарсы жаңа қатаң санкциялар енгізуге дайын екенін, бірақ Еуропа ресейлік мұнай мен газдан толық бас тартуы қажет екенін айтты. Венгрия мен Словакия әзірге ресейлік отынды сатып алуды тоқтатпаған, бірақ Трамп бұл елдерді басқа жеткізушілерге көшіруге үміт білдірді.
RUS