429

Зеленский Путинмен кездесуді Қазақстанда өткізуге дайын

Украина басшысы Ресей президентімен Қазақстанда келіссөзге әзір екенін айтты.

Зеленский Путинмен кездесуді Қазақстанда өткізуге дайын
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен Қазақстанда кездесу өткізуге әзір екенін мәлімдеді.

Fox News арнасына берген сұхбатында Зеленский Мәскеуге соғысты тоқтату үшін түрлі бейтарап елдерде кездесу ұсынғанын айтты.

«Оның (Путиннің) таңдауы бар. Трамп командасы да, менің командам да, Еуропа елдерінің көшбасшылары, соның ішінде Макрон және Түркия президенті Эрдоган да бейтарап алаң ретінде Түркияны, Сауд Арабиясын, Катарды, Австрия мен Швейцарияны ұсынды. Біз тіпті: егер қаласаңыздар, Қазақстанда да кездесе аламыз дедік», — деді Зеленский.

Ол өзінің қазіргі сәтте-ақ кездесуге дайын екенін атап өтті.

«Мен оны Киевке шақырған жоқпын. Егер ол мені Мәскеуге шақырса, бұл тек кездесуді кейінге қалдыру тәсілі болады. Сол себепті бейтарап елде жолыққан дұрыс», — деп түсіндірді Украина президенті.

Материал авторы