SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейлік кәсіпкер, «Газпромнефтьтің» бұрынғы үлескері Шалва Чигиринский Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын адамдары Францияның Лазур жағалауынан оған арналған сәнді вилла сатып алуға тырысқанын айтты. Бұл туралы ол Юрий Дудьке берген сұхбатында мәлімдеді.
Чигиринскийдің сөзінше, Қазақстанның экс-президентінің айналасы жылжымайтын мүлік үшін жарты миллиард долларға дейін төлеуге дайын болған.
«Маған ол виллаға „Газпром“ төлегеннен әлдеқайда көп ақша ұсынды. Бағасы тіпті 500 миллион долларға дейін жетті. Назарбаевтың адамдары жазғы резиденция ретінде алғысы келді. Оларға тікұшақ қонатын алаң, екі бассейн және көп жатын бөлме керек болды. Мұндай виллалар өте сирек», — деді бизнесмен.
Аталған мүлік Францияның Лазур жағалауында орналасқан, аумағы 3,2 гектар. Үлкен үйде 15, қонақ үйде тағы алты бөлме бар. Сонымен қатар екі бассейн, тікұшақ алаңы және кейін шарап қоймасына айналған бомбаға қарсы паналау орны болған.
Чигиринский вилланы 2001 жылы Заирдың бұрынғы диктаторы Мобуту Сесе Секоның отбасынан 14,5 млн долларға сатып алып, 25 млн доллар жөндеу жұмыстарына жұмсаған. 2009 жылы ол мүлікті «Газпромнефтьке» шамамен 70 млн долларға сатқан. Кейін француз басылымдары үйде ресейлік гимнаст Алина Кабаева тұрғанын жазған. Қазір вилла жалға берілуде, бірақ Францияда ақшаны заңсыз жолмен жылыстату ісі аясында тәркіленген.
Бұған дейін Германияда Динара мен Тимур Құлыбаевтардың атына тіркелген құны 100 млн еуродан асатын сарайлар мен қонақүй-зират табылғаны хабарланған.
RUS