Мемлекеттік басқару академиясы магистратура мен докторантураға құжат қабылдауды бастады

03.04.2023, 19:22
706
Мемлекеттік басқару академиясы магистратура мен докторантураға құжат қабылдауды бастады Baq.kz

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистратура және докторантура бойынша құжат қабылдауды бастады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Академия ректоры Ерлан Әбілдің айтуынша, құжат қабылдау 29 маусымға дейін жалғасады. Оған мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ квазимемлекеттік және жеке сектордан үміткерлер қатыса алады.

«Биыл Үкімет магистратураға 120 грант және докторантура бағдарламасы бойынша – 12 грант бөлген. 6 магистрлік, 3 докторлық бағдарлама бойынша және өндірістен қол үзбей оқуға болатын 2 модульдік бағдарлама бойынша үміткерлерді қабылдаймыз», - деді ректор академияда өткен баспасөз мәслихатында.

Магистратура бағдарламалары:

– бір жылдық күндізгі оқу бөлімі – «Мемлекеттік басқару (MPА)», «Адами ресурстарды басқару (MHRM)», «Өңірлік даму» (MRD);

– Екі жылдық күндізгі бөлім – «Мемлекеттік саясат (МРР)», «Экономика (ME)», «Халықаралық қатынастар (MIR)»;

– мемлекеттік қызметкер емес үміткерлерге арналған бір жылдық өндірістен қол үзбей оқытылатын бағдарламалар: «Мемлекеттік басқару (ЕMPА)», «Өңірлік даму (MRD)».

Сондай-ақ оқу мерзімі 3 жылдық докторантура бағдарламалары: «Мемлекеттік басқару (DPA)», «Халықаралық қатынастар (DIR)», «Экономика (DЕ)».

«Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға Үкіметтен магистратура бойынша 120 грант, докторантура бойынша 12 грант бөлінген. Магистрлік бағдарламалар бойынша мемлекеттік тапсырыспен оқуға түсу үшін мемлекеттік қызметте кемінде 2 жыл еңбек өтілі болуы керек және докторлық бағдарламаларға 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі қажет. Мемлекеттік грант бойынша оқуға түсушілер міндетті түрде мемлекеттік органның қолы қойылған жолдама ұсынуы керек», - деп түсіндірді Е. Әбіл.

Шетелдік азаматтарды қоспағанда, барлық білім беру бағдарламаларына түсушілерде мемлекеттік тілді білу деңгейі В1 деңгейінен төмен еместігін растайтын QAZAQ RESMI TEST немесе Қазтест сертификаты болуы тиіс.

Академияда қазақ тілін білу деңгейін бағалайтын QRT тест деп аталатын жеке жүйе бар, оның нәтижелері Қазтест сияқты академияға құжаттарды тапсыру кезінде қабылданады. Сонымен қатар, Академия QRT тесттен өткісі келетіндер үшін арнайы қазақ тілі курстарын өткізеді.

Сондай-ақ «Халықаралық қатынастар – Master of International Relations» білім беру бағдарламасына оқуға түсушілер үшін мынадай талаптар қойылады:

– үміткер ҚР Сыртқы істер министрлігінің, не халықаралық ынтымақтастық мәселелерімен байланысты орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің және олардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың жұмыс істеп жүрген, яғни іс басындағы мемлекеттік қызметшісі болуға тиіс;

– аталған Министрлікте немесе көрсетілген құрылымдық бөлімшелерде мемлекеттік қызметте кемінде екі жыл еңбек өтілі болуы қажет.

– ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификат көрсеткіші IELTS кемінде 4.0 балл, TOEFL IBT кемінде 31 балл немесе TOEFL ITP кемінде 310 балл, TOEIC кемінде 120 балл болуы керек.

Докторантура бағдарламалары үшін:

- ағылшын тілін білетінін растайтын сертификат көрсеткіші IELTS кемінде 5.5 балл, TOEFL IBT кемінде 46 балл, TOEFL ITP кемінде 433 балл немесе TOEIC кемінде 550 балл болуы тиіс;

- research proposal – зерттеу жұмысы жоспарының жобасын ұсыну қажет.

«Енді Rolls-Royce алып береді»: Динара Сәтжан жаңа күйеуінің өзін қалай еркелететінін айтып берді Шымкентте бір топ еркек құлағы естімейтін қызды тапшанда зорлап, соны видеоға түсірген «Сүйеу болар әкең жоқ»: Меруерт Түсіпбаева IELTS-тан жоғары балл жинаған Мақпал Жүнісованың қызын үлгі етті Тұрсын Алагөзов өз қызметкерлеріне қымбат көліктер сыйлады (ВИДЕО) «Ақталғым келмейді»: актер өз әйелін ұрғанын мойындап, оның ата-анасынан кешірім сұрады (ВИДЕО) Декретке миллионмен шыққан 113 әйел сотталмақ Үкімет зейнеткерлердің несиесі кешірілсін деген талапқа жауап қайтарды Ақтөбеде ер адам трансформаторлар ұрлаған «4 машина, 4 пәтер, ғимарат»: Перизат Қайрат миллиардты қайда жұмсағаны туралы тізім жасалды «Анасы адвокат болғасын қорықтым»: танымал әнші Say Mo бұрынғы актер күйеуінен зорлық көргенін жайып салды «Құдайдан қыз болып оянуымды тіледім»: Атышулы Амилай балалық шағынан сыр шертті Журналист Сәуле Әбілдаханқызының қандастар «елді сатып кетеді» деген жазбасын полиция тексеріп жатыр «Екі жыл бұрын ажырасып кетті»: Динара Сәтжан жолдасымен некесін қиды Ақтөбеде марқұмның туыстары ағасын рұқсатсыз жерлеген екі ведомстводан өтемақы талап етті Әйелін бірнеше жыл сабаған дипломат Сәкен Мамаш Астанада тұтқындалды «Мектепте «мини юбка» киген қыздар жүкті болып жатыр»: Атышулы блогер мектепте орамалды рұқсат етпейтін заңға ренжіді Танымал актер әйеліне лифтіде шабуыл жасағаны үшін түсірілім алаңынан қуылды (ВИДЕО) Спортшы Сұлтан Заурбекке Шымкент қаласының әкімі демеушілік жасай ма? Қуандық Бишімбаевтың әкесі Таразда Bishimbayev University оқу орнын ашпақ Ақтауда өтіп бара жатқандар қызды зорламақ болған ер адамды тұрғындар ұстап алды