SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда 35 жастағы ауыл тұрғыны өгей қызына жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін өмір бойына қатаң режимдегі колонияға қамалды.
Айыпталушы сотта өзін психикалық науқаспын деп ақталуға тырысқан. Бірақ сарапшылар оның психиатр көмегіне мұқтаж еместігін анықтады.
Судья Нұрлан Айтбаев үкімді жариялап, сотталушыны ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі («Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») және 124-бабы 1-бөлігі («Балаларды азғындық жолға тарту») бойынша кінәлі деп таныды.
Сонымен қатар, ол жәбірленушіге 7 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.
Бұл Павлодар облысында өгей әкелер мен азаматтық некедегі ер адамдар тарапынан жасалған педофилия фактісінің алғашқысы емес. Бұған дейін Майқайың ауылында туған бауырларына зорлық көрсеткен екі ер адам түрмеге қамалған еді.
RUS