SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында ер адам интернет-алаяқтардың арбауына түсіп, 2 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылды.
Оған Telegram арқылы TikTok-тағы видеоларға лайк басып, скриншот жібергені үшін 800 теңгеге дейін төлем уәде еткен. «Жылдам табысқа» сенген азамат көрсетілген сайтқа тіркеліп, фильм сатып алу сылтауымен ақша аудара бастаған. Қылмыскерлер оған инвестициядан 30% пайда түсетінін айтқан.
Нәтижесінде ақтөбелік бар қаражатын алаяқтарға беріп қойған. Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде.
RUS