Атырау облысындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ тартылады

03.04.2023, 20:19
486
Атырау облысындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ тартылады Smartnews.kz

Атырау облысындағы қамыс өртін сөндіруге Маңғыстаудан тікұшақ тартылады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев әлеуметтік желідегі парақшасындағы тікелей эфирде айтты.

«Атырау облысында бір тікұшақ болған еді. Сол тікұшақ апатқа ұшырағаннан кейін жарамсыз болып қалды. Сол себептен, теңіз жағалауындағы өртті сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрлігі арқылы Маңғыстау облысынан тікұшақ алдыруға шешім қабылданып отыр», -деп хабарлады Жасұлан Бисембиев.

Оның айтуынша, қамыс өрті өздігінен тұтанбайды. Бұған адами фактордың әсері бар.

«Қазір аңшылық маусым басталды. Демалыс күндері аңға шығатындар, балық аулайтындар табиғат аясында тамақ пісіреді. Міне, қамыс өрті осындай себептен туындайтыны анық. Алдағы уақытта солтүстік Каспий аумағында балық аулауға, аңшылықпен айналысуға тыйым салу мәселесін қарастырып отырмыз. Бұл үшін Каспий теңізі жағалауының Астрахань облысы мен Маңғыстау облысына дейінгі аралығын «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерват аумағына берілуі қажет. Ал, табиғи резерваттың аумағында балық және аң аулауға тиым салынған», -деп мәлім етті Жасұлан Бисембиев.

Әкім орынбасарының айтуына қарағанда, өрт тұтануы мүмкін аумақты ерте анықтау қолға алынғалы отыр.

«Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті