«Енді қайталамаймын, кешірші»: Атырауда колледж студенттері қызды аяусыз соққыға жыққан

25.09.2025, 18:20
2963
«Енді қайталамаймын, кешірші»: Атырауда колледж студенттері қызды аяусыз соққыға жыққан әлеуметтік желіден

Видеоға түсіріп таратқан жасөспірім де жазаланбақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда кәмелетке толмаған студент қыз өз құрдасын аяусыз соққыға жықты. Оқиға сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желіге тарағаннан кейін қоғамда қызу талқыға түсті.

Жағдай Жилгородок саябағында болған. Кадрларда бір қыздың екіншісіне бірнеше рет жұдырықпен соққы беріп, басынан тепкенін көруге болады. Жәбірленуші тіпті кешірім сұрап, тоқтатуды өтінгеніне қарамастан, шабуыл жалғаса берген.

«Жарайды, түсіндім, кешір, өтінемін. Болды... Кешір, енді қайталамаймын», – деп жалынғанына қарамай, күдікті аяусыз ұруын тоқтатпаған.

Полиция бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Атырауда колледж студенттері арасында жанжал шыққаны анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қамалды.

Барлық қатысушылар профилактикалық есепке алынып, іс кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды. Сонымен қатар жасөспірімдердің ата-аналарына бала тәрбиесіндегі заң бұзушылық үшін әкімшілік шара қолданылады.

Одан бөлек, полицияға хабарламай, жанжалдың видеосын түсіріп, таратқан жасөспірім де заң аясында жауапкершілікке тартылады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, соңғы уақытта жасөспірімдер арасындағы қатыгездік әрекеттердің видеолары жиілеп кетті. Қоғам белсенділері мұндай жағдайға тек полиция емес, ата-аналар мен білім беру мекемелері де қатаң назар аударуы қажет екенін айтып отыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды