Астанадағы қойшы автовокзалды үш рет «жармақ болды»

26.09.2025, 11:49
339
Астанадағы қойшы автовокзалды үш рет «жармақ болды» saparzhai.kz

Қойшы түрмеге түсу үшін үш рет жұртты дүрліктірген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада сот үш рет жалған хабарлаған ер адамға үкім шығарды. Ол 112 қызметіне қоңырау шалып, автовокзалға бомба қойылғаны туралы бірнеше рет хабарлаған. Нәтижесінде 65 жастағы ер адам екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот дерегінше, ол бұрын да дәл осындай қылмысы үшін екі рет сотталған. Тамыз айында қайтадан қоңырау шалып, жарылғыш зат қойылды деп мәлімдеген. Оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері шыққанымен, ақпарат жалған болып шықты.

Сот отырысында ер адам кінәсін мойындап, әрекетін тұрмыстық жағдайымен түсіндірді. Оның айтуынша, баспанасы жоқ, ал колонияда тегін тамақ пен киім бар.

«Сот оның бұрынғы қылмыстарынан сабақ алмағанын ескеріп, қатаң жаза тағайындады», — делінген ресми ақпаратта.

Енді ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады