Теміржол бойында қараусыз жүрген бірнеше малды пойыз қағып кетті

04.04.2023, 09:22
591
Теміржол бойында қараусыз жүрген бірнеше малды пойыз қағып кетті Inform.kz

Өткен демалыс күндері Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында пойыздардың шұғыл тежеуін қолданып, үй жануарларын қағып кетудің 5 фактісі тіркелді.

Бұл туралы Smartnews.kz сайты Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар облысының Май-Жұмыскер және Жұмыскер-Көктөбе аралықтарында бірден екі осындай жағдай болды. Екі ірі қара мал жолаушылар және жүк пойыздарының астына түскен. Теміржол көлігінің жоспарланбаған жалпы тоқтау уақыты 33 минутты құрады.

Осыған ұқсас жағдай Абай облысының Суықбұлақ-РЗД-6 аралығында да болды. Екі ірі қара малдың теміржол бойында жүруіне байланысты жүк пойызы машинисінің шұғыл тежеу қолдануына тура келді.

Мал иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 559-бабы, яғни темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, Қарағанды облысының Қызылжар-Жеңіс аралығында үш жылқы, ал Шымкент станциясында үш ұсақ мал жүк пойызының астына түскен. Пойыздардың тұрағы екі жағдайда да 11 минутты құрады.

«Аталған фактілер бойынша да үй жануарларының иелеріне әкімшілік хаттамалар толтырылды»,-делінген хабарламада.

Көлік полицейлері тұрғындарға теміржол маңында үй жануарларын жаю кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін тағы да еске салды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді