Түркістан облысындағы сұмдық қылмыс: қарияны балтамен өлтірген азамат жындыханаға жіберілді

26.09.2025, 17:56
704
Түркістан облысындағы сұмдық қылмыс: қарияны балтамен өлтірген азамат жындыханаға жіберілді pixabay

39 жастағы күдікті көршісінің мойнын кесіп, балталап, артынша оның қолы мен жыныс мүшесін шапқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында зейнеткерді аса қатыгездікпен өлтірген Өзбекстан азаматына қатысты сот шешімі шықты. Арнайы мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі межрайондық сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлеп емдеуге жіберді.

Қанды оқиға биыл мамыр айында Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауылында болған. 39 жастағы күдікті көрші қартты балтамен ұрып, байлап тастаған. Жәбірленуші есін жоғалтқан соң, мойнын кесіп, артынша оның қолы мен жыныс мүшесін шапқан.

Сот-медициналық сараптама қорытындысында өлімнің себебі – жарақат пен қан кетуден болған шок деп көрсетілген. Сонымен қатар мойын тұсында кеңірдек, өңеш, бірінші мойын омыртқасы, жұлын және ірі тамырлар зақымданғаны анықталған.

Сот барысында айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Алайда психиатриялық сараптама оның алты жылдан бері есепте тұрған созылмалы «параноидты шизофренияға» шалдыққанын көрсетті.

Сот шешімі бойынша ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, Алматы облысы Талғар ауданы Ақтас ауылындағы арнайы психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.

Қаза тапқан зейнеткердің туыстары мұндай шешімге келіспей, апелляциялық шағым түсірді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)