652

Ғани Бейсембаевтың орнына жаңа Оқу-ағарту министрі тағайындалды

Жаңа министр – Жұлдыз Сүлейменова.

Ғани Бейсембаевтың орнына жаңа Оқу-ағарту министрі тағайындалды
parlam.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа министр бұған дейін Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымында депутат, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі қызметін атқарған.

Жұлдыз Сүлейменованың еңбек жолы:

2004–2006 жж. – Алматы Экономика және статистика академиясының Ақтөбе институтында оқытушы, Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы;

2006 ж. – «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының консультанты, «Жас Отан» Жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының орынбасары;

2007–2008 жж. – Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы № 159 көпсалалы гимназияда тарих және құқық пәнінің мұғалімі;

2008–2011 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің маманы, проректордың орынбасары, Жастар әкімшілігінің төрағасы;

2011 ж. – Халықаралық Бизнес Академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы;

2011–2012 жж. – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғылыми хатшысы;

2012–2019 жж. – Нұр-Сұлтандағы Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаментінің аға менеджері, директордың орынбасары, кейін директоры;

2019–2021 жж. – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры;

2021–2023 жж. – Мәжіліс депутаты, VII шақырылым;

2023 жылдан бері – VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі қызметін атқарған Ғани Бейсембаев өз өтініші бойынша лауазымынан босатылған еді.

Материал авторы