Биыл агроөнеркәсіп кешенінде 291 инвестициялық жоба іске асады

04.04.2023, 10:58
600
Биыл агроөнеркәсіп кешенінде 291 инвестициялық жоба іске асады Smartnews.kz

Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі кешенді шешудің жолдарын атады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі кешенді түрде шешіледі. Биыл жыл соңына дейін 536 млрд теңге сомасына агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша 291 инвестициялық жоба іске асырылады. Жалпы, 2023-2026 жылдары 2,6 трлн теңгеге 700 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр», - деді Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында баяндама жасай отырып.

Оның айтуынша, агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін кредит 2,5 пайызбен 10 жылға дейін беріледі.

«Сүт, құс еті, көкөніс импортын алмастыратын ірі өнеркәсіптік инвестиция жобаларын ілгерілету мақсатында СҚО тәжірибесі басқа өңірлерге енгізіледі. Ол бойынша өңір әкімдіктері 10 жыл мерзімге агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне жеңілдетілген қайтарымды кредит (0,01% мөлшерлеме) бөлуді көздейді. Биыл осы мақсатқа 100 млрд теңге бөлінді. Соның есебінен шамамен 65 тауарлық сүт фермаларының құрылысы қаржыландырылады. Бұл сүт өндіру көлемін кемінде 373 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді», - дейді ол.

Е. Қарашөкеев мәлімдегендей, жоғарыда аталған қадамдар бір жағынан ауылда жыл бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз етсе, екінші жағынан импортқа тәуелділіктен арылуға мүмкіндік береді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды