Атырауда үш жасар бала велосипедтің тізбегіне қысылып қалған (ВИДЕО)
Баланы құтқарушылар аман алып қалған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда үш жасар баланың қолы абайсызда велосипедтің тізбегіне қысылып қалды.
Оқиға туралы ақпарат 112 қызметіне түскен. Жерге жеткен жедел-құтқару жасағының мамандары арнайы құралдарды пайдаланып, баланың саусағын абайлап босатып алды.
Құтқару жұмыстары кезінде балаға ешқандай қауіп төнген жоқ. Дәрігерлердің көмегіне жүгіну қажет болмады.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші