Қарағанды облысында өзеннен ер адамның қалдықтары табылды
Полиция марқұмның туыстарын іздестіріп жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Нұра ауданындағы Құланотпес өзенінен ер адамның сүйек қалдықтары табылды. Дене Құланотпес ауылынан шамамен бес шақырым жерден алынған.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сүйектерден зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, өлім себебі мен адамның кім екені анықталуда.
Астана қаласындағы «АСАР» іздестіру-құтқару тобы мәліметінше, ер адамда сұр-жасыл камуфляж шалбары, Armani белдігі және қара Northland кроссовкалары болған. Астыңғы жақ сүйегінің алдында 3-4 алдыңғы тістері жоқ. Қайтыс болған адам балықшы болуы мүмкін деп болжануда.
Егер ер адамның жеке тұлғасы немесе туыстары туралы ақпарат білсеңіз, төмендегі нөмірлерге хабарласу сұралады: 8 707 900 59 05, 8 707 546 07 16 немесе полицияға 102.
Еске салсақ, осыған дейін Қапшағайда қайықтан құлаған ер адамның денесі табылған еді. Сол оқиғада ер адам досымен бірге суға шыққан, қайық аударылып кеткен.
Материал авторы