1657

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз қайта қосылды

Әнші әйелімен көпшілік көзіне көрінді.

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз қайта қосылды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Қайрат Нұртас өзінің жанкүйерлерін тағы да таңғалдырды.

Жұлдыздың жүкті болған кезеңінде қос ғашық әлеуметтік желілерде бірге сирек көрінген. Тіпті қызы Рабие Сұлтанға 40 күн толғанға дейін де жұптың ортақ фотосуреті көпшілікке көрінген емес.

Алайда, көптен бері жұбайымен бірге көрінбеген Қайрат Нұртас Instagram-stories парақшасында Жұлдызбен түскен фотосын жариялады. Суретті ол өзінің «Махаббатым-ай» әнімен сүйемелдеді.

Әнші осы уақытта еліміздің түрлі қалаларында гастрольдік сапармен жүр. Оның ірі концерті 31 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор