Қарағандыда 15 жастағы қызды шариғат бойынша тұрмысқа беру ісі бойынша сот өтіп жатыр

30.09.2025, 14:18
459
Қарағандыда 15 жастағы қызды шариғат бойынша тұрмысқа беру ісі бойынша сот өтіп жатыр Shutterstock

Қыздың туған әкесі полицияға арыз түсірген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың наурыз айында 15 жастағы қызды анасы мен өгей әкесі 38 жастағы ер адамға тұрмысқа берген.

Ал 38 жастағы ер адам қызды төрт күн бойы жабық пәтерде ұстап, бірнеше рет зорлаған. Бала қашып құтылып, қорғану үшін әкесіне барған. Қыздың туған әкесі полицияға арыз жазған. Қарағандыда 15 жастағы қыздың "күйеуіне" қатысты сот басталды.

"Бұрынғы әйелім мен оның күйеуі бұл іс бойынша неге куәгер ретінде тергеліп жатқанын түсіне алар емеспін. Олар неге қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды? Зорлаған адам ғана айыпталып отыр. Ол қызымның өгей әкесінің досы. Ал ол қызымды досына ұсынған. Бұл – сутенерлік", – дейді қыздың туған әкесі.

Іс басталғанда қыз туған әкесінің қолында болған. Алайда әкесінің сөзінше, қыздың анасы мен өгей әкесі оны өз жағына шығарған. Қыз анасының кішкентай балаларын аяғаннан осындай шешімге баған.

Бойжеткен тіпті бұрынғы айғақтарынан бас тартып, туған әкесінің үстінен шағым түсіре бастаған. Балалардың құқықтарын қорғау бөлімі ана мен өгей әкенің ата-аналық құқықтарын тоқтатпақ болған. Алайда сот бұл арызды жойған. 

Қыздың "күйеуі" 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот жабық есік жағдайында өтіп жатыр.

Қыздың нағашы атасы қыздың анасының діни ағымға кіріп кеткенін, немересіне хиджаб кигізгенін айтып, оны жазалауды сұрады. Балаларды қорғау бөлімі қызды күштеп күйеуге берген деген қорытындыға келген.

"Қазір қызым менімен араласпай қалды. Оның миын улап тастаған. Бірақ мен ренжімеймін. Қызым өскенде мені түсінетінін білемін. Мен ол үшін соңына дейін күресемін", – деді зардап шеккен қыздың әкесі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды