323

Павлодардағы фирмаға 28 млрд теңге айыппұл салынды

Белгіленген шектен асырып қоқыс шығарғаны үшін жазаланды.

Павлодардағы фирмаға 28 млрд теңге айыппұл салынды
Pixabay

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда «ЭкоАлем-ПВ» ЖШС компаниясы қалалық тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын орын ретінде белгіленген лимиттен асып, заңсыз түрде қоқыс шығарғаны үшін 28,4 млрд теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл шешімді табиғатты қорғау прокуратурасы қабылдады.

Сот фирманы Кодексінің 328-бабының 6-бөлімі бойынша кінәлі деп танып, апелляциялық инстанция шешімді өзгеріссіз қалдырды. Компания бұндай айыппұл оның банкрот болуына және қалада қоқыс дағдарысы туындауына әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескерткен.

Еске сала кетсек, жақында Павлодар облысында медициналық қалдықтардың заңсыз жерленген орны табылған болатын. Полиция оны «BB-Group KZ» ЖШС компаниясымен байланыстырып, тексеру жүргізуде.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор