617

Қорғаныс министрлігі әскери қызметкерді зорланғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Желіде әскери қызметкердің зорланғаны туралы бейнежазба тараған.

Қорғаныс министрлігі әскери қызметкерді зорланғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді
Kirill Kukhmar/TASS

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде әскери қызметкерге қатысты зорлық әрекеті көрсетілгендей тараған видеоға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ресми пікір білдірді.

Ведомство хабарлағандай, видео – “Қырғызфильм” киностудиясы түсірген “Баткен” көркем фильмінің фрагменті және Қазақстан Қарулы Күштерімен ешқандай байланысы жоқ.

“Роликке қазақ тіліндегі аудиожол қосылған, ол дипфейк технологиясын пайдаланып жасалған. БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз”, – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Сондай-ақ, министрлік жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор