Қазақстанда қарасора өсіру ережелері бекітілді

01.10.2025, 10:47
3646
Қазақстанда қарасора өсіру ережелері бекітілді magaz420.com.ua

Қарасораны билік өндіріс үшін пайдаланбақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Үкіметі есірткі және психотроптық заттар өндірісіне қатысы жоқ, тек өнеркәсіптік мақсатта қарасора (каннабис) өсіру тәртібін реттейтін қаулы қабылдады.

Негізгі талаптар:

құрғақ массасындағы тетрагидроканнабинол (ТГК) мөлшері 0,3%-дан аспауы тиіс;

тек «Тұқым шаруашылығы туралы» заңға сәйкес Мемлекеттік тізілімге енгізілген сорттар қолданылады;

екінші және одан кейінгі репродукциядағы тұқымдарды себуге тыйым салынады;

өсіру тек лицензия негізінде жүргізіледі.

Өсіру шарттары:

Қарасора егістігі елді мекендерден, жалпы қолданыстағы жолдардан және өзге ауыл шаруашылығы алқаптарынан кемінде екі шақырым қашықтықта орналасуы керек. Жер учаскесі нақты белгіленіп, қоршаумен (тор немесе тікенді сым) қорғалуы, тәулік бойы күзетпен қамтылуы және тек бір кіріп-шығу қақпасы болуы міндетті.

ТГК деңгейін бақылау:

  • тұқым себер алдында міндетті сараптамадан өтеді;

  • талдау екі кезеңде жасалады: себуден кейінгі 40–45 күнде және өнім жинау алдындағы 90–120 күнде.

Сараптаманы сот сараптамасы органдары шарттық негізде жүргізеді, шығынды заңды тұлғалар көтереді. Қорытынды бойынша ресми сараптама жасалады. Егер ТГК деңгейі нормадан асса, бүкіл егістік қайта тексеріледі, ал нормадан жоғары өнім толықтай жойылады.

Зертханаға тұқым мен өсімдіктің үлгілері дереу жеткізілуі тиіс. Қаптама қағаздан немесе талшықты материалдан жасалып, нөмірленіп, үлгі алынған жері мен көлемі көрсетіледі.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады