3454

«Енді балаларыма тиесіңдер ме?»: Ерке Есмахан желідегі сынға жауап берді

Оқырман әншіге баласының денсаулығы дұрыс емес екенін айтқан.

«Енді балаларыма тиесіңдер ме?»: Ерке Есмахан желідегі сынға жауап берді
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желі қолданушыларының балаларына қатысты айтқан ескертпелері мен кеңестеріне наразылық білдірді.

40 жастағы әнші Instagram-дағы стористе ұлдары Ислам мен Батырдың суреттерін жариялаған. Алайда кейбір желі қолданушылары балалардың аяқтарының формасына байланысты пікір айтып, «вальгус деформациясы болуы мүмкін» деген сыңайда жазған.

Ерке мұндай пікірлерге әзілмен жауап беріп:

«Жоқ, бәрі дұрыс. Ол өзі сондай томпақ. Біз балаларды басынан аяғына дейін бақылап, қараймыз», – деді.

Бірақ ескертулер жалғаса берген соң, әнші ашық наразылығын білдірді:

«Мені әбден талқыладыңыздар. Енді балаларымды бастайсыздар ма? Алла, маған сабыр берсін», – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Ерке Есмахан бұған дейін де жеке өмірі мен шығармашылығына қатысты желіде жиі талқыланған жұлдыздардың бірі.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор