539

Қазақстанда төселген тасжолдың сапасы неге сын көтермейді

Жоғары аудиторлық палата өкілдері көлік инфрақұрылымын дамытудың бюджеттік инвестициялық жобаларына бөлінген қаражатты игерудегі жүйелі кемшіліктерді атады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қазақстанда төселген тасжолдың сапасы неге сын көтермейді
smartnews.kz

«Нарықтың отандық жол-құрылыс материалдарымен жеткіліксіз толықтырылуы, битумның сапасының нашар болуы және жолдарды салу мен жөндеудің өзіндік құнына әсер ететін жүк вагондарының жетіспеушілігі бар. Мысалы, 2021 жылы Ұлттық сапа орталығы жол битумының 1400-ден астам сынамасын зерттеген. Оның 300-і сапасы бойынша нормативтердің талаптарына сәйкес келмейді», - делінген палатаның ақпаратында.

Атап айтқанда, Павлодар мұнай-химия зауытының 183 сынамасы, Caspi Bitum-ның 108 сынама, «Қазақбитумның» 7 сынамасы бар.

«Салдарынан асфальт-бетон жабыны тез бұзылады, қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі қысқарады», - деп жазылған құжатта.