4996

Павлодарда ауыл әкімі мен фельдшер төбелесіп қалды

Қазір екі жақ бір-бірімен татуласқан.

Павлодарда ауыл әкімі мен фельдшер төбелесіп қалды
Gov.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысында Қоянды ауылдық округінің әкімі Ержан Уразалимов атышулы жанжалға тап болды. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап, шенеунік фельдшерді ұрып-соқты деген хабарламалар тарады.

Полиция департаменті жағдайды растады. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, Екібастұз қалалық ветстанциясының қызметкері мен ауыл әкімі арасындағы жанжал кешкі уақытта бір шарада орын алған.

– Қақтығыс тұрмыстық сипатқа ие. Екі жақтың кәсіби қызметіне еш қатысы жоқ. Қазір тараптар татуласып, бір-біріне ешқандай шағымы жоқ, – деп хабарлады Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі.

Материал авторы