8787

Шавкат Рахмоновтың UFC-ден кететіні рас па? Менеджер жауап берді

Шетелдік БАҚ Шавкаттың UFC-ден кетуі мүмкін екенін хабарлаған еді.

Шавкат Рахмоновтың UFC-ден кететіні рас па? Менеджер жауап берді
instagram.com/mma_f1ghters_kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық жанкүйерлерді дүрліктірген ақпаратқа Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Абдрахманов ресми жауап берді.

Бұған дейін бірқатар шетелдік БАҚ пен әлеуметтік желілерде қазақстандық спортшы тағы да тізе жарақатын алып, UFC-ден кетуі мүмкін деген хабар тараған еді. Тіпті, кейбірі бұл ақпаратты «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап жазған. Алайда арнада мұндай жаңалық мүлде болмаған.

– Бұл шындыққа жанаспайды. Шавкат жаттығуын жалғастырып жүр. Алдағы бірнеше айда жекпе-жекке шығуға дайын болады, – деді Абдрахманов.

Еске салайық, Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында октагонға шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Материал авторы