Ақтөбеде пара алған мектеп директоры 18 млн теңге айыппұл төлейді

04.04.2023, 18:11
620
Ақтөбеде пара алған мектеп директоры 18 млн теңге айыппұл төлейді smartnews.kz

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында мектеп директоры 600 мың теңге пара алып ұсталды. Ол енді 18 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Шалқар аудандық сотында №6 мектеп директоры Жаңабай Мусинге қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған Қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабы бойынша айып тағылды.

Іс материалына сүйенсек, мектеп директоры зертханашы лауазымына жұмысқа орналастыру үшін танысынан жалпы сомасы 600 000 теңге көлемінде пара алған. Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады, өкінетінін айтты.

«Сот шын жүректен өкінгенін, кінәсін мойындағанын, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді түрде қатысқанын, ерікті түрде залалды өтегенін, балаларын негізге алып, мұны қылмыстық жауапкершілік пен жазасын жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ал қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен М. кінәлі деп танылып, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, параның 30 еселенген сомасы мөлшерінде, яғни, 18 000 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар сот Ақтөбе облысы білім басқармасының басшылығына жеке қаулы шығарылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Шалқар аудандық сотының баспасөз қызметі.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады