8423

Қайрат Нұртастың ата-анасы Мадина Сәдуақасованың дүбірлі тойында өнер көрсетті

Әншінің анасының мерейтойында өнер көрсетті.

Қайрат Нұртастың ата-анасы Мадина Сәдуақасованың дүбірлі тойында өнер көрсетті
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қайрат Нұртастың ата-анасы Мадина Сәдуақасованың анасының туған күнінде ән шырқап, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Гүлзира Айдарбекова Instagram-парақшасында жұбайымен бірге ән айтып тұрған видеоны бөлісті. Кадрларда қонақтардың ресторанда билеп, қуанышқа бөленген сәттері көрінеді.

Желі қолданушылары ерлі-зайыпты өнерпаздарға жылы пікір қалдырды:

«Екеуіңіз де тамаша жұпсыздар, әндеріңіз жүрекке жылы тиеді», – деп жазды бірі.
«Құдай қосқан қосағыңызбен бақытты, ұзақ ғұмыр кешіңіздер. Бізге де сондай сүйіспеншілік нәсіп болсын», – деді тағы бір оқырман.

Мерейтойға танымал әншілер — Бүркіт, Макпал Жүнісова, Роза Рымбаева және басқа да жұлдыздар қатысқан.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор