Президент резиденцияларының бұрынғы басшысы Павлодар облысында заңсыз алтын өндіргені анықталды

06.10.2025, 16:19
4226
Президент резиденцияларының бұрынғы басшысы Павлодар облысында заңсыз алтын өндіргені анықталды Stock Photo

Президент резиденцияларының бұрынғы басшысы Павлодарда заңсыз алтын өндірген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысында алтын мен күміс өндірумен айналысқан «IDM Gold» компаниясы заңсыз жұмыс істеген. Бұл кәсіпорынды кезінде Президент істері басқармасына қарасты мемлекеттік резиденциялар дирекциясын басқарған Болат Мынбаев басқарады.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, компания Баянауыл ауданында экологиялық рұқсатсыз кен өндірумен айналысқан. Бұл дерек бойынша қадағалау органы процессуалдық шаралар қабылдайтынынмәлімдеді.

Сонымен қатар заңсыз пайдалы қазбалар өндірген тағы 11 кәсіпорын анықталған. Олардың кейбірі лицензияда көрсетілген аумақтан тыс жерлерде карьер ашып, ал басқалары келісімшарт мерзімін өз бетінше ұзартқан. Алайда прокуратура өз хабарламасында дәл «IDM Gold» компаниясын ерекше атап өтті.

Белгілі болғандай, Болат Мынбаев — компанияның он негізін қалаушысының бірі. Серіктестер қатарында SA Minerals компаниясының иесі Серік Абдығалиев және Қырғызстан бизнесмені Тахиржан Баратов бар.

Айта кетейік, 2017 жылы қазақстандық БАҚ «IDM Gold» компаниясының Майқайың байыту фабрикасының қалдықтарына рұқсат алуын «күдікті жағдайлармен» байланыстырған. Себебі келісімшарт компания ресми түрде тіркелмей тұрып жасалған.

Бұған дейін де Қазақстандағы кейбір алтын өндірушілер Ресейге салынған санкциялар салдарынан пайдаларының жартысынан айырылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан