8842

Шерхан Қалмырза ұлттық құрамаға шақырту алды

«Қайрат» қақпашысы ұлттық құрамада өнер көрсетуі мүмкін.

Шерхан Қалмырза ұлттық құрамаға шақырту алды
instagram.com/kallmurza

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U-19) 4–14 қазан аралығында Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Жаттығу жиыны барысында команда үш жолдастық кездесу өткізеді:

8 қазанда – Бірінші лигадағы «Тараз» командасымен,

10 қазанда – «Оңтүстік академиясымен»,

12 қазанда – шымкенттік «Ордабасыға» қарсы ойнайды.

Бас бапкер Кирилл Кекер жиынға 25 футболшыны шақырды. Олардың қатарында «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырза да бар.

U-19 құрамасының толық тізімі:

Қақпашылар: Шерхан Қалмырза («Қайрат»), Диас Реймов («Қайрат»), Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»).

Қорғаушылар: Данияр Тәшполатов, Әмірбек Базарбаев, Райымбек Кенесбеков, Әкежан Қалиқұлов (барлығы «Қайрат»), Аманжол Бақытжанов, Иван Пивоваров («Тобыл»), Абзал Сағын («Астана»), Темірлан Төребек («Ертіс»).

Жартылай қорғаушылар: Әли Ақылбаев («Шахтёр»), Евгений Петрик, Мұхамедәлі Әбіш, Әлиден Мұсаипов, Карим Махаметжан («Қайрат»), Асан Байғалиев («Елімай»), Даниял Назаров («Астана»).

Шабуылшылар: Мансұр Бірқұрманов, Абылай Төлеухан, Азамат Тұяқбаев, Исмаил Бекболат («Қайрат»), Мақсат Абраев («Астана»), Виталий Латурнус («Ақтөбе»), Алдияр Нұрғали («Леванте», Испания).

Бапкерлер штабы:
Кирилл Кекер – бас бапкер,
Сергей Лабодовский – көмекші жаттықтырушы,
Егор Скулин – дене даярлығы жаттықтырушысы,
Виталий Кувшинов – қақпашылар бапкері,
Алексей Анкудинов – видеоаналитик,
Айдар Шабанбай – дәрігер,
Жансұлтан Сатмағанбет – массажист,
Рахат Әкімқұл – менеджер,
Шыңғыс Алмасбаев – администратор.

Материал авторы