SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал блогер Мерей Әбілованың жұбайы, «Жетісу» командасының қорғаушысы Димаш Қашкен Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды.
Ұлттық құраманың бас бапкері міндетін атқарып жүрген Талғат Байсуфинов Лихтенштейн және Солтүстік Македония құрамаларымен өтетін матчтарға қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Сол тізімде Қашкеннің есімі де бар.
Айта кетейік, 5 қазан күні алматылық «Қайратқа» қарсы өткен кездесуден кейін Димаш Қашкен жанкүйерлердің сынына ұшыраған еді. Көпшілік оның ойынын сынға алып, әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер жазған. Соған қарамастан, футболшы ұлттық құраманың қатарына енді.
Кейбір қолданушылар Instagram желісінде «Ағаш сияқты ойнайды», «Мерейдің атымен жүрген адам», «Цирк қой бұл», «Байдың баласы», «Доп қайтара алмайды» деген секілді пікірлер қалдырған.
Қазақстан құрамасы 10 қазанда Астана Аренада Лихтенштейнмен, ал 13 қазанда Солтүстік Македониямен кездеседі. Бұл ойындар 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.
RUS