Мемлекеттік қызметкер заңсыз алтын өндірді деген күдікке ілінді

08.10.2025, 12:21
9743
Мемлекеттік қызметкер заңсыз алтын өндірді деген күдікке ілінді Stock Photo

«Азаматтарға арналған үкімет» басшысының орынбасары мемлекетке 300 млн теңге шығын әкелді дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы басшысының орынбасары заңсыз алтын өндірді деген күдікке ілінді.

Қаржы мониторингі агенттігінің ШҚО департаменті Шыбынды өзенінің аңғарында заңсыз алтын өндіру және жер қойнауын рұқсатсыз пайдалану дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Тергеу мәліметінше, шенеунік өзге адамдармен бірігіп, «EastGoldStone» атты компанияны тіркеп, екі жыл бойы ешқандай лицензиясыз алтын өндірумен айналысқан. Олар ауыр техника қолданып, өзен арнасына да араласқан.

Экологиялық сараптама нәтижесінде табиғатқа келтірілген залал 300 млн теңгеден асқаны анықталды.

«Тінту кезінде жалпы құны 382 млн теңге болатын 6,7 келі алтын, 10 млн теңге мен 56 мың АҚШ доллары табылып, сот санкциясымен тәркіленді», — деп мәлімдеді агенттік.

Күдіктілер қазір екі айға қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр, ал өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды