SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзат Полаттың өлімі бойынша өткен сот ісінде судья куәгер ретінде аталған төрт адамның — Д.Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенов және Ю.Рузбакиевтің әрекеттеріне прокурор назар аударуы тиіс деген жеке қаулы шығарған болатын.
Бұл шешім апелляциялық сотта да өзгеріссіз қалды, осылайша үкім заңды күшіне енді.
Kazinform агенттігі Алматы облысының прокуратурасына ресми сауал жолдап, қаулы бойынша қандай шаралар қабылданғанын сұраған.
Прокуратураның жауабында:
«Соттың жеке қаулысы бойынша материалдар ақпараттарды есепке алу кітабына тіркеліп, процестік шешім қабылдау үшін Алматы облысының полиция департаментіне жолданды», – делінген облыс прокурорының орынбасары Абылайхан Оңдасынның хатының жауабында.