22105

«Көпшілік күткен жаңалық»: Айгүл Иманбаеваның отбасында тағы бір сәби дүниеге келді

Әнші қуанышты хабарын жеткізді.

«Көпшілік күткен жаңалық»: Айгүл Иманбаеваның отбасында тағы бір сәби дүниеге келді
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші мен актриса Айгүл Иманбаева отбасындағы қуанышты жаңалықпен бөлісті.

48 жастағы өнер иесі екінші рет әже атанды – ұлы Асылжан мен келіні дүниеге ұл бала, Айсұлтанды әкелді. Ал олардың тұңғышы – Айсұлу есімді қыз.

«Мен енді екінші рет әже атандым!» – деп жазды Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары әншіні қуанышымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді:

«Нағыз бақыт – немере! Құтты болсын, Айгүл апай!», «Айсұлтан өмірі ұзақ, жолы ашық болсын!», «Әже болу сізге жарасымды, бақытты болыңыз!»

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор