480

Маңғыстауда оқушы қыздардың төбелесінен кейін олардың ата-аналары жауапқа тартылды

Видео желіде тарағаннан кейін полиция қыздарды анықтаған.

Маңғыстауда оқушы қыздардың төбелесінен кейін олардың ата-аналары жауапқа тартылды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында бірнеше оқушы қыздың қатысуымен болған төбелес қоғам назарын аударды.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарағаннан кейін полиция қызметкерлері қатысушыларды анықтады.

Полиция департаментінің мәліметінше, төбелеске 2011, 2012 және 2013 жылы туған жасөспірім қыздар қатысқан. Олар ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізілген.

— Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына балаларының тәрбиесі мен мінез-құлқына тиісті бақылау жасамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданады. Қазір барлық қажетті тексеру шаралары жүргізіліп жатыр, — делінген полицияның ресми хабарламасында.

Сонымен қатар, оқиғаға қатысқан барлық тұлға профилактикалық есепке қойылған.

Айта кетейік, бұған дейін Талдықорғанда жастар арасындағы жанжалдың қайғылы жағдаймен аяқталғаны хабарланған болатын.

Материал авторы