Интернеттегі жарнама мен платформалардың қызметін реттейтін жаңа заң әзірлеу ұсынылды

05.04.2023, 12:40
582
Интернеттегі жарнама мен платформалардың қызметін реттейтін жаңа заң әзірлеу ұсынылды Smartnews.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі интернеттегі жарнама мен онлайн платформалардың қызметін реттейтін жаңа заң әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Соңғы жылдары әлемдік үрдіс неғұрлым қауіпсіз және ашық онлайн ортаны қамтамасыз ету үшін мемлекеттер мен онлайн сервистер иелерінің үйлесімді іс-қимылы қажеттігін көрсетеді. Әлеуметтік қатынастарды онлайн форматта дамыту, сөзсіз, экономикалық қатынастардың дамуына әкеледі. Дәстүрлі экономикалық модельдерді материалдық емес «капиталға» және материалдық емес активтерге негізделген цифрлық экономиканың жаңа форматына түрлендіру жүзеге асырылып жатыр. Соның нәтижесінде тауарлар мен қызметтерді ілгерілетудің негізгі құралы ретінде жарнаманың рөлін қайта қараудың шұғыл қажеттілігі туындайды. Онлайн платформалардың әлемдік және ұлттық даму динамикасын, интернеттегі жарнама құралдарының үнемі жетілдіріліп отыратын алуан түрлілігін ескере отырып, Қазақстанда олардың жұмыс істеуі үшін заңнамалық негіз тиісті түрде қалыптастырылмаған. Демек, өзекті тұжырымдамалық аппарат жоқ, пайдаланушылардың өзара және онлайн платформалар әкімшілігімен өзара іс-қимылы бөлігінде бірқатар көлеңкелі схема бар», - деп жазылған «Ашық» НҚА порталында жарияланған консультативтік құжатта.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, аталған мәселелер заң шегінде жұмыс істейтін кәсіби журналистер мен реттелмейтін онлайн платформалар арасындағы бәсекелестікте тең мүмкіндік бермейді.

«Осыған байланысты мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұраныстары мен даму үрдістерін ескере отырып, интернеттегі жарнама және онлайн платформалар туралы заңнамалық негіздерді белгілеуге бағытталған Қазақстан Республикасының жаңа заңын әзірлеу ұсынылады», - делінген құжатта.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды