Қостанайда дәрігерді соққыға жыққан ер адамға сот үкімі шықты

10.10.2025, 16:19
297
Қостанайда дәрігерді соққыға жыққан ер адамға сот үкімі шықты Наш Костанай/Татьяна Файль

Айыпталушының үш баласының бар екені ескеріліп жазасы жеңілдетілген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанайда облыстық аурухананың урологы Антон Кистановты ұрып-соққан ер адамға қатысты сот үкімі жарияланды.

Сот №2 шешімімен 34 жастағы қала тұрғыны Абылайхан Саринжепов ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы, 3-бөлігі бойынша («Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру») кінәлі деп танылды. Ол 6 ай мерзімге ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі колонияға жіберілді.

Саринжепов 2025 жылғы 17 шілдеден бері тергеу изоляторында болғандықтан, жаза мерзімінен санағанда оған шамамен 12 күн ғана өтеу қалды. Сот бір күндік қамауды екі күнге тең деп есептеді.

Сот шешіміне сәйкес, сотталушы жәбірленушілерге өтемақы қорына 39 мың теңгеден астам қаржы және дәрігер Антон Кистановқа 2,5 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Судья Анара Шаймұрүнованың айтуынша, Саринжеповтің соққысы дәрігердің ерніне тиген, ал ауыр жарақаттар Кистановтың еденге құлап, басымен соғылуынан болған.

«Сотталушының зиян келтіру ниеті болмаған, ол абайсызда әрекет еткен», – деді судья.

Айыпталушының жазасы үш баласының бар екені ескеріліп (2012, 2018 және 2023 жылы туған), жеңілдетілген. Дегенмен, судья оның кінәсін мойындағанымен, өкініш білдірмегенін атап өтті.

«Ол дәрігердің өзіне кінәлі деп есептейді. Ал шын мәнінде дәрігер өзін дұрыс ұстаған, пациентті арандатып, қақтығысқа себеп болмаған», – деді Шаймұрүнова.

Сот дәрігерлерге жасалған шабуылдарға қатысты заңда ауыр жаза қарастырылмағанын да еске салды.

Өз кезегінде Антон Кистанов үкімнен кейін журналистерге:

«Ол ұрғанда, балалары туралы ойлаған жоқ. Менің де балам бар. Егер соққы сәл төменірек тигенде, бәрі басқаша аяқталуы мүмкін еді. Мұндай әрекеттің салдарын түсіну керек еді», – деді.

Еске салайық, 17 шілдеде Қостанай облыстық ауруханасында пациент қабылдау бөлімінде дәрігерге жұдырық жұмсаған болатын. Зардап шеккен Кистанов кейін санитарлық авиациямен Астанаға жеткізілді.

Денсаулық сақтау министрі қыркүйек айында Парламентке медицина қызметкерлеріне жасалатын шабуылдар үшін жазаны қатаңдату туралы заң жобасы енгізілетінін мәлімдеген еді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді