314

Елена Рыбакина тағы да ұтылды

Матч 1 сағат 25 минутқа созылған.

Елена Рыбакина тағы да ұтылды
John Walton - PA Images / Contributor / PA Images / Gettyimages.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериясындағы турнирдің ширек финалында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемдік рейтингте №9) әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға есе жіберді.

Алғашқы сетте ойын тең өрбігенімен, есеп 3:3 болған сәттен кейін Рыбакина бірнеше рет қателесіп, қарсыласына үш гейм қатарынан ұтылды.

Екінші партияда да басымдық Соболенкода болды — ол үш рет брейк жасап, Рыбакина бір рет қана жауап қайтарған. Қорытынды есеп – 6:3, 6:3.

Матч 1 сағат 25 минутқа созылды.

Айта кетейік, бұл турнирде Рыбакина алғашқы айналымдарда румындық Жаклин Кристианды (№48) және чехиялық Линда Носкованы (№17) жеңген болатын.

Жарыстың жалпы жүлде қоры — 3,65 миллион доллар.

Материал авторы