489

Ішкі істер министрі Қазақстанда алкоголь сатуға тыйым салуды ұсынды

Министр елдегі қылмыстың көпшілігі мас күйде жасалатынын айтты.

Ішкі істер министрі Қазақстанда алкоголь сатуға тыйым салуды ұсынды
Максим Стулов / Ведомости

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов елдегі қылмыстардың басым бөлігі мас күйінде жасалатынын айтып, алкоголь айналымына қатаң шектеу енгізу қажеттігін мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жыл сайын елде мас адамдардың қатысуымен 10 мыңға жуық қылмыс тіркеледі.

«Біз қоғамдық орындарда ішімдік ішу фактілерін тоқтатамыз, мас адамдарды оқшаулаймыз, есепте тұрғандарға алкоголь тұтынуға тыйым саламыз. Бірақ бұл тек салдарымен күрес. Себебімен күресу керек», – деді Сәденов.

Оның сөзінше, кейбір кәсіпкерлер заңдағы жас және уақыт шектеулерін елемей, алкогольді тәулік бойы сатады. Көпшілігі спирттік ішімдікті «кафе» не «бар» ретінде бүркемелеп сатады, ал онлайн-доставка жүйесі жағдайды қиындатып отыр.

Сәденов лицензиядан айыру шарасы да тиімсіз екенін айтты:

«Бүгін лицензиясынан айырылған адам, ертең оны басқа тұлға атына қайта рәсімдеп ала алады».

Межведомстволық комиссия отырысында мынадай ұсыныстар қаралды:

алкогольді тек мамандандырылған дүкендерде сатуға рұқсат беру;

лицензия беру талаптарын қатаңдату және шектеу;

онлайн сатуына толық тыйым салу.

Бұдан бөлек, министрлік көңіл көтеру орындарында алкоголь сату уақытына да шектеу қоюды ұсынды. Себебі мұндай орындарда бір ғана жылда 1400-ден астам қылмыс, соның ішінде үш адам өлтіру фактісі тіркелген.

Материал авторы