Астанада ер адам жедел жәрдем көлігінің әйнегін барсеткасымен сындырған (ВИДЕО)
Жүріп бара жатқан көліктің терезесін сындарған еркек мас болғаны айтылды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада түнгі уақытта 44 жастағы ер адам жедел жәрдем көлігінің әйнегін барсеткасымен сындырып, 15 тәулікке қамалды.
Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Бейбітшілік көшесінде болған. Мас күйдегі қала тұрғыны жолмен келе жатып, өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігіне барсеткасын лақтырып жіберген. Соққыдан қызметтік машинаның алдыңғы әйнегі жарылған.
Жедел жәрдем жүргізушісі бірден полицияға шағым түсірген.
«Оқиға бойынша ер адамға қатысты “Ұсақ бұзақылық” бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Материал авторы