332

Өзбекстан мамандары тұңғыш рет FIFA комитеттеріне тағайындалды

Өзбек мамандар басшылық қызметке отырды.

Өзбекстан мамандары тұңғыш рет FIFA комитеттеріне тағайындалды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тарихта алғаш рет Өзбекстанның футбол саласындағы мамандары FIFA-ның ресми комитеттерінде басшылық және мүшелік лауазымдарға ие болды.

FIFA құрамындағы Технологиялар, инновациялар және цифрлық трансформация комитеті төрағасының орынбасары қызметіне өзбек төрешісі Равшан Ирматов тағайындалды.

Сонымен қатар, Өзбекстан футбол қауымдастығының бас хатшысы Аваз Максумов жағажай футболы жөніндегі комитеттің құрамына енді, ал әйелдер футболын дамыту бөлімінің жетекшісі Юлия Панина әйелдер ұлттық құрамалары арасындағы жарыстар комитетінің мүшесі болды.

Бұл шешім Өзбекстан мен FIFA арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Бұған дейін елде 2024 жылы футзалдан әлем чемпионаты өткен болса, қазір Өзбекстан 2027 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатына дайындықты бастап кеткен.

Материал авторы