428

Министр: Шерзаттың ісіндегі куәгер қыздардың әрекетінде қылмыс құрамы жоқ

Куәгер қыздар жазаланбайтын болды.

Министр: Шерзаттың ісіндегі куәгер қыздардың әрекетінде қылмыс құрамы жоқ
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша куәгер болған Д. Жақсыгелді мен Э. Нұрбекованың әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет сағатынан кейін журналистердің сұрағына жауап бере отырып айтты.

— Қылмыс фактісі толық анықталды, күдіктілер ұсталды. Бұл ауыр әрі қайғылы жағдай. Біз бастапқы кезеңнен-ақ барлық тарапқа баға бердік. Аталған азаматтарға қатысты қылмыс құрамы болмаған. Сот қаулысын алып, мұқият зерделедік. Олар куәгер ретінде қатысқан, және бұл басынан-ақ белгілі еді. Қайта тексеріс нәтижесінде де сол қорытынды расталды, — деді Сәденов.

Еске салайық, 2023 жылғы 4 қазанда болған төбелес кезінде 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді.

Материал авторы