Шымкентте жүздеген жас заңсыз алған пәтерлерінен айырылмақ

14.10.2025, 09:17
250
Шымкентте жүздеген жас заңсыз алған пәтерлерінен айырылмақ бейнежазбадан

Өз үйі бола тұра сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлерде тұрып келгендер ұсталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте жұмысшы жастарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында берілген жүздеген пәтер заңсыз бөлінгені анықталды.

2019 жылы іске қосылған бағдарлама бойынша пәтерлер бес жыл мерзімге сатып алу құқығынсыз жалға берілген еді. Алайда тексеріс кезінде кейбір жалға алушылардың өз атына басқа жылжымайтын мүліктері тіркелгені, тіпті кейбірі бұл пәтерлерді үшінші тұлғаларға жалға беріп, табыс тауып жүргені белгілі болды. Осылайша 400-ден астам пәтер заңсыз берілген деп танылды.

Қала әкімдігі заңбұзушылықтар анықталған баспаналарды коммуналдық меншікке қайтаратындарын мәлімдеді. Ал пәтерлерді өз еркімен босатудан бас тартқандар сот арқылы шығарылатын болады.

«Тұрғын үй саясаты басқармасына тиісті ескерту жасалды. Қазір жағдай бақылауға алынды, мамандар белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Бағдарлама шарттарын бұзған 439 тұрғынды шығару туралы талап арыздар сотқа жолданды. Екі іс бойынша шешім әкімдік пайдасына шықты», — деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады