Қазақтарды «мамбет», қазақ тілін «қалбит» деп тіл тигізген Алика Мұхамадиеваның соты басталды

14.10.2025, 16:19
741
Қазақтарды «мамбет», қазақ тілін «қалбит» деп тіл тигізген Алика Мұхамадиеваның соты басталды әлеуметтік желіден

Қарағандылық кәсіпкердің тіпті елден қашуға тырысқаны айтылған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырды деп айыпталған 22 жастағы Алика Мұхамадиеваға қатысты сот отырысы басталды.

Қылмыстық іс 3 қазанда сотқа түскен. Мұхамадиеваға Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру») бойынша айып тағылған.

Прокурор Фарида Садуова сот процесін жабық режимде өткізуді сұрағанымен, судья Арғын Құтышев өтінішті қанағаттандырмады — тыңдау ашық түрде өтеді.

Прокурор айыптау актісін жариялаған соң, залда тыныштық орнады. Тергеу материалдарына сәйкес, Мұхамадиева Threads әлеуметтік желісінде «Aлика Августова» деген атпен діни және ұлттық сезімдерді қорлайтын пікірлер қалдырған.

«Ол жазбалардың көпшілікке тарайтынын біле тұра, ислам дінін ұстанушылар мен қазақ ұлты өкілдерінің намысына тиетін сөздер жазған», – деді прокурор.

Экспертиза қорытындысы бойынша, бұл жазбалар қоғамда жағымсыз пікір қалыптастырып, дінаралық қақтығысқа түрткі болуы мүмкін.

Сотта Алика Мұхамадиева көз жасына ерік беріп, өз кінәсін толық мойындады.

«Маған қоғам алдында, әсіресе мұсылмандар алдында ұят. Ешкімді қорлағым келген жоқ, бірақ сөздің қаншалықты ауыр соққы болатынын түсіндім. Бұл мен үшін үлкен сабақ болды», – деді ол.

Оның айтуынша, ол жазбаларды қатты эмоционалды күйзеліс кезінде — әжесінің қайтыс болуынан кейін және ұйқысыздықтың әсерімен жазған.

«Мен 86 күннен бері қамаудамын. Күн сайын қызымды ойлаймын. Ол түнде оянып, "мамам қайда?" деп сұрайды екен. Мен өз қателігіммен оны анасынан айырдым», – деп жылады Мұхамадиева.

Айыпталушының мүддесін екі адвокат пен оның әкесі — қоғамдық қорғаушы ретінде қорғауда.

Адвокат Тимур Солодуха соттан Мұхамадиеваның жасаған ісін мойындауы мен шынайы өкінуін, сондай-ақ оның кішкентай баласы барын ескере отырып, жазаны жеңілдетуді сұрады.

«Біз бостандығынан айырмайтын жаза сұраймыз — яғни айыппұл немесе бостандығын шектеу. Заң мұндай мүмкіндік береді. Максималды айыппұл шамамен 12 млн теңге, бірақ сот жеңілдетуші жағдайларды ескеріп, төменгі мөлшер тағайындай алады», – деді адвокат.

Сот тергеуі аяқталды. Алдағы отырыстарда тараптар жарыссөзге шығады. Айыпталушы қамауда қалды.

Еске салайық, жазда Алика Мұхамадиеваның Threads-тағы даулы пікірлері қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Көп ұзамай ол ұсталып, қамауға алынған. Кейін ол өз сөздерінің контекстен жұлынып алынғанын айтып, көпшіліктен кешірім сұраған еді.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды