572

Балдырған Камаз: Ақмолада үш дөңгелекпен жүйткіген жүк көлігі жұртты шошытты

Камаз жүргізушісі жауапкершілікке тартылған.

Балдырған Камаз: Ақмолада үш дөңгелекпен жүйткіген жүк көлігі жұртты шошытты
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Ақмола облысының тасжолында үш дөңгелекпен жүйткіген КамАЗ-дың видеосы тарады.

Кадрларда жүк көлігінің бір дөңгелегі түсіп қалғанына қарамастан, қозғалысын жалғастырып келе жатқаны анық көрінеді. Бұл жағдай қоғамда қызу талқы тудырды — себебі көлік апатты жағдайда қозғалып, өзге жүргізушілерге қауіп төндірген.

Облыстық полиция департаменті жүргізушінің жеке басы анықталғанын хабарлады.

«КамАЗ жүргізушісі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 5-бөлігі бойынша (“Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу”) жауапкершілікке тартылды», — делінген полиция хабарламасында.

Тәртіп сақшылары көлік иелеріне сапар алдында техникалық жағдайды мұқият тексеріп, жол қауіпсіздігін сақтауды еске салды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор