Шымкентте ер адам 26 қаламды жұтып қойып, дәрігерлердің қолына түсті

Азиз Қалижан Редактор
15.10.2025, 13:33
263
Шымкентте ер адам 26 қаламды жұтып қойып, дәрігерлердің қолына түсті Otyrar.kz

Ер адам досымен бәстескен көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласының тұрғыны досымен бәстесіп, бір емес, 26 қаламды жұтып қойған. Ер адамға ота жасауға тура келгенін Otyrar арнасы хабарлады.

38 жастағы тұрғын бір сәттік әзілі ауыр жағдайға айналған соң дәрігер шақырған. Қалалық клиникалық аурухананың мамандары науқастың асқазанынан ондаған бөтен зат тапқан.

Дәрігерлер эндоскопиялық әдіспен (құрсақ қуысына тілік жасамай) барлығын сәтті алып шыққан. Қазір ер адамның жағдайы тұрақты, ол үйіне шығарылған.

Медициналық қызмет өкілдері мұндай қауіпті әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Айта кетейік, биыл Ақмола облысында дәрігерлер 39 магниттік шарды жұтып қойған баланы бес сағат бойы құтқарған еді — бала ауыр жарақатпен ауруханаға түскен.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді