Мәжілісте сериалдар мен фильмдерге тыйым салу талқыланды

15.10.2025, 14:19
255
Мәжілісте сериалдар мен фильмдерге тыйым салу талқыланды SMARTNEWS.KZ коллажы

Фильм не сериалда заңға қайшы көрініс болса, ол бізге сараптамаға жіберіледі дейді ІІМ министрі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс отырысында депутаттар отандық сериалдар мен ақпарат құралдарындағы зорлық-зомбылықты, балағат сөздерді насихаттау мәселесін көтерді. Талқылауға ІІМ, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері қатысты.

Депутат Мұрат Әбенов жаңа заң жобасын әзірлеу кезінде бірқатар ұсыныстар ескерілгенімен, телеарналарда әлі де күмән тудыратын контенттің көрсетіліп жатқанын айтты:

«Қыз алып қашу тақырыбына қатысты да заңға өзгеріс енгіздік. Бірақ қазірдің өзінде сериалдарда “келіспесең, алып қашам”, “мені де алып қашқан, ештеңе жоқ” деген секілді сөздер естіледі. Бірі мұны ақтайды, бірі қарсы шығады. Бұл – мемлекеттік саясатқа қайшы», — деді депутат.

ІІМ басшысы Ержан Сәденов мұндай жағдайларға жол берілмеуі тиіс екенін айтып, жаңа заң аясында мұндай контенттерді анықтап, бұғаттау жұмысы күшейтілетінін мәлімдеді:

«Фильм не сериалда заңға қайшы көрініс болса, ол бізге сараптамаға жіберіледі. Қажет болса, оны эфирден алып тастаймыз. Әрине, кейбірі әлі де өтіп кетіп жатады, сондықтан жұмысты әрі қарай да күшейту қажет».

Ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов ведомство заңдылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау бастамаларын толық қолдайтынын жеткізді:

«Егер отандық сериалдарда мұндай жайттар анықталса, шара қолданамыз. Ал шетелдік контент болса, оны мүлде эфирге шығармаймыз. Сарапшылар мен қоғамдық ұйымдармен алдын ала жұмыс істейміз».

Ал депутат Құдайберген Бексұлтанов ел президентінің моральдық құндылықтар туралы айтқан сөзін еске салып, қазіргі телесериалдардағы балағат сөздердің көбейіп кеткенін сынға алды:

«Біздің жастар не көреді? “Сәке”, “Пәке”, “Прокурор”, “Қара-қара”, “105 мектеп” – бәрінде балағат сөз бар. Бұл — масқара! Президент қоғаммен жұмыс істеу керек деді. Ал бізде балаға боқтықты норма етіп көрсетіп жатыр. Бұл қайда апарады?»

Ысқақовтың айтуынша, жаңа заң жобасында бұл мәселе қарастырылған. Әдепсіз және қорлайтын контентті таратқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Білім министрлігі өкілі мектептерде «Адал азамат» бағдарламасы енгізілгенін, ол арқылы оқушыларға адамгершілік құндылықтар үйретіліп жатқанын айтты.

Алайда кейбір депутаттар шамадан тыс бақылау шығармашылық еркіндікке қысым көрсетуі мүмкін деп алаңдады. Депутат-ақын Ринат Зайыт пікірін осылай білдірді:

«Көркем шығарма деген ұғым бар. Ертең фольклордағы, халық әндеріндегі кей сөздер үшін де соттаймыз ба? Мысалы, “сүйсең мені, кешке қашуға дайын бол” деген жолдары бар халық әні бар ғой. Сонда біз енді мұның бәрін өшіріп тастаймыз ба?»

Оған жауап ретінде Қанат Ысқақов Конституцияға сай ешқандай цензура енгізілмейтінін атап өтті:

«Цензура болмайды. Тек заңға қайшы көріністерді реттеу мәселесі қаралады. Егер сюжетте қыз өз еркімен келіссе, оны алып тастауға негіз жоқ. Бірақ режиссерлермен кеңесіп, түзету енгізуді сұрай аламыз».

Вице-министрдің айтуынша, мәселе фольклор мен халық өнерін шектеу туралы емес, тек мемлекеттік саясатқа қайшы контентті реттеу жайында болып отыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды