«Кеудесінен итерген жоқпыз»: Гүлзира Айдарбекова келінін сөз еткен оқырманға жауап қатты
Тойларыңа Жұлдыз келген жоқ деп сынады оқырман.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты сұрақ қойған оқырманына ашулы жауап берді.
Оқырмандардың бірі Гүлзира Үсенқызынан Жұлдызбен және оның ата-анасымен неге араласпайтынын сұрап, тіпті жақында өткен тойға келіні мен немересі Рабияның қатыспағанын сынға алған.
«Тойларыңа Жұлдыз келген жоқ. Нағыз бай-бағлан болыпсыңдар. Жұлдыз бен кішкентай Рабия қайда? Сол екеуі де торттан ауыз тимей ме? Әулеттің үлкендері осылай істеуі дұрыс па?» – деп жазды оқырман.
Бұл пікірге Айдарбекова бірден жауап беріп, ұлын, келінін және отбасын талқылағандарға ескерту жасады:
«Жұлдыз жаңа босанған жоқ па?! Келсе, біз кеудесінен итерер ме едік?! Бұл не сұрақ өзі? Біреудің отбасында неңіз бар, әркімнің өз қалауы болады ғой! Сіз менің ұрпағыма менен жақын емессіз, әрі сізге олардың өмірін білудің қажеті жоқ», – деп ашуланды продюсер.
Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова күйеуі Нұртай Айдарбековтің 60 жасқа толған мерейтойына арнап жазба жариялаған еді.
«Балаларымның асқар тауы, менің арқа сүйер асыл жарым Нүрекеңнің туған күні. Алла ұзақ ғұмыр берсін! Сіздерден де құттықтау күтеміз!» – деп жазған продюсер.
Материал авторы