17 жастағы мектеп оқушысы «Мисс Астана-2025» атанды (ВИДЕО)
Астанада ең сұлу ару анықталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, биылғы «Мисс Астана-2025» байқауының жеңімпазы — 17 жастағы Аида Жанқылқыш.
Сұлулық сайысына барлығы 16 қатысушы бақ сынады. Финалдық кезең 16 қазан күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.
Аиданың бойы — 175 см, ал мүсін өлшемдері — 80-60-91. Өзінің портфолиосында ол балетпен, фортепианомен және сурет салумен айналысатынын жазған. Сондай-ақ, Аида киім тігумен және дизайн жасаумен әуестенеді — өзі үшін ерекше образдар қалыптастырады.
Бұған дейін ол «Мінсіз Леди» байқауында (Пермь қаласы) бірінші орын иеленген.
Қазір Аида IELTS емтиханына дайындалып, Испанияда ұшқыш мамандығына түсуге ниетті. Ол бүгінде 11-сыныпта оқиды.
Материал авторы