463

Шавкат Рахмонов ұзақ үзілістен кейін UFC чемпиондық жекпе-жегінен айырылды

Бірде-бір рет жеңілмеген Шавкат келесі жекпе-жекте чемпиондық атақ үшін күресе алмайды.

Шавкат Рахмонов ұзақ үзілістен кейін UFC чемпиондық жекпе-жегінен айырылды
Cooper Neill/Zuffa LLC

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, UFC жартылай орта салмақтағы әлемдік рейтингтің үшінші нөмірі, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жекте чемпиондық атақ үшін күресе алмайды. Бұл туралы оның менеджері Саят Әбдірахманов MMA.Metaratings.ru сайтына берген сұхбатында айтты.

«Бір жыл бұрын бұл дивизионда үміткерлер аз еді, қазір керісінше — қарсылас өте көп, бәрі өзара жекпе-жек өткізіп жатыр. Сондықтан тек күтіп отыру мүмкін емес. Шавкат қайта оралып, өз есімін жарқын жеңіспен еске салуы керек. Чемпиондық белбеуге таласу құқығын қайтадан дәлелдеуге тура келеді», — деді Әбдірахманов.

Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде Иэн Мачадо Гэрримен кездескен. Ол жекпе-жекте судьялардың бірауыз шешімімен жеңіске жетті.

Қазір 29 жастағы қазақстандық спортшының кәсіби рекорды — 19 жеңіс, 0 жеңіліс.

Материал авторы