Депутат 2 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді

20.10.2025, 12:21
1045
Депутат 2 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді SMARTNEWS.KZ коллажы

Ұрланған ақшаға элиталық үйлер, Lamborghini Urus, Cadillac Escalade, Mercedes маркалы көліктер, асыл тұқымды жылқылар сатып алынған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі «QazConstructions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу мәліметінше, компания мемлекеттік қаражатты жымқырған.

Аталған қаржы Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы жеті ауданға қарасты 11 әлеуметтік нысанның құрылысына бөлінген. Алайда, жоспарланған нысандардың бірқатары пайдалануға берілмеген. Күдіктілердің қатарында аталған серіктестіктің бұрынғы директорының орынбасары бар — ол Құрчұм аудандық мәслихатының депутаты болып шыққан.

«Жобалар аймақ тұрғындарының өмір сапасын арттырып, демалыс пен спортқа қолайлы жағдай жасауға бағытталған болатын. Бірақ күдіктілердің заңсыз әрекеттері салдарынан төрт спорттық-сауықтыру кешені мен жеті ауылға арналған су құбыры желілері іске қосылмаған. Бұл елді мекендерде 20 мыңнан астам адам тұрады», — делінген ресми хабарламада.

Тергеу дерегінше, ұрланған қаражат аффилиирленген компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған. Бұл қаржыға Астанадағы элиталы тұрғын үй кешендерінен пәтерлер, сондай-ақ Lamborghini Urus, Cadillac Escalade, Mercedes маркалы көліктер мен асыл тұқымды жылқылар сатып алынған.

Сот санкциясымен барлық мүлікке тыйым салынды. Екі күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазір тергеу жалғасуда. Қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды