788

Елена Рыбакина жанкүйерлеріне Қытайдағы жеңісінен кейін үн қатты

Рыбакина қайтадан ел абыройын асқақтата бастады.

Елена Рыбакина жанкүйерлеріне Қытайдағы жеңісінен кейін үн қатты
instagram.com/wtaningboopen

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық теннисші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турниріндегі жеңісінен кейін жанкүйерлеріне алғыс айтты.

19 қазан, жексенбі күні Рыбакина маусымдағы екінші титулын жеңіп алды. Ол финалда ресейлік Екатерина Александровамен үш сетке созылған тартысты ойында кездесіп, 3:6, 6:0, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Кездесу екі сағатқа созылып, өте шиеленісті өтті.

«Тамаша қонақжайлығы мен керемет атмосферасы үшін Ningbo Open турниріне алғыс айтамын! Келесі жылы қайта оралуды асыға күтемін! Xièxiè (қытайша “рақмет”)», — деп жазды Рыбакина Instagram парақшасында.

Енді Елена Рыбакина келесі жарысын Токио қаласында өтетін WTA 500 турнирінде өткізеді. Дәл осы жарыстың нәтижесіне қарай спортшының Эр-Риядта өтетін WTA маусым қорытынды турниріне қатысу мүмкіндігі шешілмек.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор